фото: pixabay.com
Ақтөбе қаласының тұрғыны темір торда отырған күйеуін бостандыққа шығарып алмақ болып, алаяққа алдынды. Ол апелляциялық сот арқылы көмек көрсетуге уәде берген адамға 112 млн теңге ақша төлеген, деп жазды kaz.inform.kz.
Ақтөбе қаласының № 2 сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың қыркүйегі аралығында сотталушы жәбірленушіден 112 млн теңге алған. Сотталушы түрмеде отырған жазасын өтеушіні апелляциялық сот арқылы босатуға көмек көрсететінін айтқан. Тіпті құқық қорғау органдары мен ҰҚК-да таныстары бар екенін жеткізген.
— Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге 112 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірілді. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады. Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через