Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінді
фото: https://pixabay.com/ru/

Каспий теңізі аймағында жер сілкінді.Қазақстан геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Теңіз түбіндегі жер сілкінісі 30 желтоқсанға қараған түні сағат 01:14-те тіркелді.

"Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класс К=10.9. Тереңдігі h=11 шақырым", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 30 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан 336 шақырым жерде жер сілкінді. Эпицентрі Қытайда болды. Ал Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ.

ҚазАқпарат