фото: https://pixabay.com/ru/
Жалған спортқа жұмсалған 1,3 млрд теңге мемлекет бюджетіне қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізді. Нәтижесінде миллиардтар мен тиімсіз басқарылған спорт нысандары мемлекетке қайтарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша министрлік және жергілікті атқарушы органдар келесі жұмыстар атқарды:
Бұқаралық және кәсіби спортты қаржыландырудағы диспропорция жойылды. Былтыр бұқаралық спортқа 35 млрд теңге, ал кәсіби спортқа 340 млрд теңге бөлінген. Ал биыл бұқаралық спортқа 195,4 млрд және ал кәсіби спортқа 185,5 млрд бөлінді.
"Жалған спорттық іс-шараларға және жалақыларға негізсіз үстемақыға жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке өтелді. Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды. Мысалы, Түркістан облысында 1 млрд, Ақмола облысында 390 млн, Қостанай облысында 350 млн, Павлодар облысында 300 млн, Жетісу облысында 146,2 млн теңгеге қысқарды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Кәсіби спортты қаржыландру 4,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ тиімсіз басқарудан 8 спорт нысаны қайтарылды.
"Мысалы, Алматыдада секі спорттық нысан Атырау облысында 2 нысан, Батыс Қазақстан облысында 3 нысан, Қостанай облысында – 1 нысан қайтарылды", - дейді ведомство.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через