фото: https://pixabay.com/ru/
Сауд Арабиясында өткен One Water Summit форумында Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Франция тарапы Балқаш көлі бассейніне ауқымды зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2040 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бас жоспар әзірленеді. Бұл құжатта су арнасының ішкі суларын сақтау шаралары белгіленеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі, Францияның даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.
Келісімге Сауд Арабиясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эммануэль Макронның қатысуымен өтіп жатқан халықаралық One Water саммитінде қол жеткізілді.
Келісімге қол қою рәсіміне Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі атынан бірінші вице-министр Болат Бекнияз қатысты. Құжаттың мақсаты – Балқаш көлін сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Келісім Балқаш көлінің су ресурстарын басқаруды дамытуға Су ресурстары және ирригация министрлігіне 1,35 миллион еуро көлемінде грант бөлуді қарастырады.
"Жоба мақсаттарының бірі Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандыру үшін Қапшағай су қоймасының жұмыс режимін оңтайландыру болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша өзендерді тазарту, топырақтың тозуы мен судың ластануын болдырмау, балық шаруашылығы мен экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ көлді қорғаудың нормативтік-құқықтық базасын құру бойынша шаралар қабылданады", - деді су ресурстар және ирригация министрі Нұржан Нұржігіт.
Франция тарапы Балқаш көлі бассейніне ауқымды зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2040 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бас жоспар әзірленеді. Сонымен қатар, министрлік Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен су шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через