Елімізде баспана мен көлік бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде баспана мен көлік бағасы қымбаттауы мүмкін
фото: pexels.com

Сарапшылар доллардың нығаюы аясында келесі жылы Қазақстанда баспана мен көлік бағасының өсуі туралы болжам жасады, деп хабарлады Kazinform. 

Rialight жылжымайтын мүлік агенттігінің жетекші маманы Денис Вайншток алдағы жылға жылжымайтын мүлік бағасына қатысты болжамын айтты. Ол мемлекет банктерге қолдау көрсетіп, халықтың басым бөлігіне бағытталған қолайлы ипотекалық бағдарламаларды ұсынса, бұл сұраныстың артуына әкелетінін және өз кезегінде сатушыларды бағаны көтеруге итермелеуі мүмкін екенін тілге тиек етті.

– Әзірге жағдай керісінше. Бұл жаңа үйлерге де қатысты, бұдан бөлек сыртқы факторлар да бар. Атап айтар болсақ, доллар бағамы мен құрылыс материалдарының бағасына байланысты, – деп атап өтті сарапшы.

Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненконың сөзінше, баспана құнына ең алдымен экономикалық және саяси тұрақтылық әсер етеді.

– Өтіп бара жатқан жылда әлемде түрлі саяси жағдай болды. Ал, біздің ел әлемдік аренада болып жатқан оқиғалардан оқшау қала алмайтынын көрсетті. Құрылыс салушыларды тексеру, қатайту немесе керісінше үлестік қатысу туралы заң әзірлеушілерге қолайлы өзгерістерді қабылдау тиісті салдарға әкеп соғады. Не жаңа жылжымайтын мүліктер нарыққа шығады, не жаңа тұрғын үйлердің саны шектеледі – бәрі үкімет деңгейіндегі шешімдерге байланысты болады. Биліктің экономиканың ең маңызды секторын қолдауына және құрылыс пен сатып алуды ынталандыруға келетін болсақ, бұл әлі анық емес. Жалпы, елдегі жылжымайтын мүлік бағасы барлығына бағаның қалыптасуының жалпы тенденциясына байланысты болатыны даусыз. Жылжымайтын мүлік нарығында инфляция деңгейі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, депозиттер, несиелер бойынша мөлшерлемелер және импорттық инфляция деңгейі көрсетіледі, – деді ол.

Көлік бағасына келсек, автосарапшылар доллардың қымбаттауына байланысты жаңа және ескі көліктердің бағасы көтерілуі мүмкін деп болжам жасап отыр. Осылайша, автосарапшы Алексей Алексеев нарықтан мұндай реакция күтілетінін айтты. Көлік бағасы 10-12 пайызға көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар көліктердің құнына басқа факторлар да әсер етеді. Олардың бірі - жаңа үлгіде көліктер. Яғни, өндіруші модельді жаңартқанда, оның бағасы әдетте 10-12%-ға өседі.

Экономикалық жағдайлар да маңызды фактор болып қала береді: Инфляция, энергия құнының өсуі және бағаның жалпы өсуіне әсер ететін басқа да аспектілер. Соның салдарынан көліктер жыл сайын қымбаттап жатыр.

– Мысалы, 2020-2022 жылдар аралығында пандемиядан туындаған нарық тапшылығына байланысты автокөліктер қымбаттады. Көлік өндірісінің шектелуі және жеткізілімдердің азаюы ұсыныс сұранысты қанағаттандыра алмайтынын білдірді. Автокөліктер кейінірек салондарға түсіп, қолжетімді болғанымен, баға бұрынғы деңгейіне оралмады. Бұл табиғи процесс: баға ешқашан бұрынғы жағдайына оралмайды, ал автокөлік нарығындағы баға әр түрлі факторларға, соның ішінде саяси жағдайларға, валюталық ауытқуларға байланысты болып қалады, – деді Алексеев.

Автосарапшы Виктор Марсаков қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, келесі жылы көлік бағасы көтеріледі деп есептейді.

– Әрине, түрлі акциялар өткізіледі, бірақ біздің нарық соншалықты үлкен емес, дилерлер Қытай, АҚШ немесе тұтынушылары көп Еуропа елдері сияқты көліктердің бағасын төменде алмайды. Үлкен нарықтардағы осындай демпинг арқылы бәсекелестерді жеңіп, шығынды болдырмауға болады. Дегенмен, біздің жағдайда нарық шағын, мен дилерлер көліктер тиынға сатылатынша бір-бірімен соғысады деп ойламаймын. Сондықтан көлік бағасы көтеріле беруі әбден мүмкін, сатып алуға асығыңыз, – деді В.Марасков. 

Қазақстанның автокөлік одағының басшысы Анар Мақашеваның айтуынша, логистикалық шығындар, валюта бағамының ауытқуы, құрамдас жеткізушілердегі өзгерістер, опциялардың ұлғаюы – автокөлік бағасының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі. 

– Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының автосалондарындағы барлық көлік прейскурант бойынша сатылып жатыр. Әр түрлі брендтердің модельдеріне акциялар бар. Көлікті сатып алу кезінде өзектілігі үшін ресми дилерлермен сөйлесу керек, – деді ол. 

Қазір Қазақстанда 20 миллион тұрғынның 9,5 миллионға жуығы жеке баспанаға ие. Мұндай деректер Ұлттық статистика бюросының есептерінде келтірілген. Сонымен қатар, бюро сарапшыларының мәліметі бойынша, бір жыл ішінде – 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың қазанына дейін қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 3,9%-ға, жаңа тұрғын үйлердегі баспана құны 2,3%-ға өсті.