фото: https://pixabay.com/ru/
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бала асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтетін тетіктерді енгізбек.
- 2024 жылғы 23 шілдеде ҚР Конституциялық соты «Неке және отбасы туралы» кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Бұл бапта тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ерлерге бала асырап алуға тыйым салынған еді. Бұл ретте, жыл сайын балаларға қатысты құқық бұзу деректері көбейіп келеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, мұндай құқық бұзу әрекеттерінің 99 пайызын ер адамдар жасайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, министрлік ерлі-зайыптыларға бала асырап алуға басымдық құқығын беру мәселесін қарастырып жатыр ма?, - деп сұрады сенатор Нурия Ниязова.
Өз кезегінде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру аясында министрлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ерлі-зайыптылардың басымдығын көздейтін бірқатар заңнамалық нормаларды әзірлегенін айтты.
- Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар кешені әзірленді. Бұл тұрғыда бала асырап алушы мен асырауға берілетін баланың жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту, міндетті психологиялық диагностикадан және аккредиттелген ұйымдар арқылы тиісті оқытудан өту ескерілген. Қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Осы рәсімдерден кейін түзетулер пакеті Парламент қарауына енгізілмек, - деп түсіндірді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл шілде айында Конституциялық сот ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде екенін жариялады.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через