фото: https://sputnik.kz/
Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Астанадағы барлық LRT инфрақұрылымы 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында дайын болады, ал қозғалыс 2026 жылдың басында толық іске қосылады.
"Алғашқы пойыздар келесі жылдың тамыз-қыркүйек айларында келеді. Күзде 15 пойыз келеді деп жоспарлап отырмыз. Техникалық қозғалыс келесі жылдың соңында ашылады, 2026 жылдың басында толықтай іске қосылады", – деді Жеңіс Қасымбек.
Қала әкімі бастапқыда LRT тәулігіне 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді деп жоспарланғанын, бірақ жобаға қызығушылықтың артқанын ескере отырып, жол жүру құны қайта есептелетінін атап өтті.
"Қазір нақты құнын айтпаймын, бірақ бұл қоғамдық көлік екенін айта аламын. Біз қоғамдық көлік қызметінің құнын халықтың барлық топтары төлей алатын шектерде ұстауға тырысамыз. Сондықтан, бағасы ақылға қонымды әрі қолжетімді болады", – дейді қала әкімі.
Сондай-ақ әкім журналистерді жобаның заманауи талаптарға, соның ішінде балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігіне сай жасалғанына көз жеткізу үшін әуежай маңындағы 101-LRT станциясына барып көруге шақырды.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через