Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды

Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
фото: https://pixabay.com/ru/users/lightcopywrite-

Жыл басынан бері 4429 алматылық жұп ажырасқан. Бұл туралы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы мәлімдеді.

Алматы қаласы некелесу бойынша республика көлемінде алғашқы орында тұр. Жыл басынан бері 19 778 заңды неке тіркелген. Қала бойынша аудандық АХАТ бөлімдерінде күніне 160-қа жуық жұп некесін қидырып заңдастырады. Некеге өтініш берген жұптардың орташа жасы ерлер үшін 27 жас, әйелдер үшін 25 жас. ҚР “Неке және отбасы туралы” Кодексінің 10-бабына сәйкес, неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген. Десе де заң ортақ бала болғанда немесе жүктілік кезінде бұл жасты төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді Әуезов аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Гүлзия Баимбетова.  

Қалада ажырасуға өтініш бергендердің де саны азаймай отыр дейді мамандар.  Жыл басынан бері 4429 жұп некесін бұзған. Әдетте АХАТ қызметкерлері ерлі-зайыптыларға ажыраспас бұрын 1 ай уақыт береді.

Көбіне ажырасуға өтінішті жастар беріп жатады. Ондай кезде барынша некені сақтап қалуға тырысамыз, ойлануға уақыт береміз. Өтініш берген 10 жұптың, 3-4 жұбы қайтып келмейді. Ол да біздің жұмысымыздың жемісі деп есептейміз, - дейді АХАТ қызметкерлері.

https://baq.kz/