фото: https://pixabay.com/ru/
Алматы хайуанаттар бағына қыс басталғалы жабайы үйректердің бір тобы ұшып келген. Алматы зообағына қыс басталғалы 300 жабайы үйрек ұшып келген. Қалалық зообақтың мәліметінше, жыл сайын күн суытқан уақытта хайуанаттар бағына жабайы үйректер қыстауға ұшып келеді.
- Олардың көбі - 300-ден астамы зообақ аумағындағы көлшікке жиналады. Жаңа достардың келіп қосылғанына Алматы хайуанаттар бағындағы аққу, қаздар ерекше қуанады. Зообағымыздағы құстармен қоса сырттан келген үйректерді қорекпен қамтамасыз ету үшін оларға дәнді дақылдарды әдеттегіден артық береміз.
Құстарға күніне екі уақыт тамақ беріледі. Олар - жарма, сұлы, бидай, тары, сәбіз, салат жапырағы, қырыққабатты сүйсініп жейді, - деп хабарлады зообақтан.
Сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі жабайы үйректерге қатысты тағы бір қызықты дерекпен бөлісті.
- Бір қызығы, шашылған дәндерді алдымен өзіміздің құстар жейді. Сырттан келген үйректер шыдамдылық танытып, күтіп тұрады. Олар суда жүзіп жүрген құстарымыздың артынан келіп, солардан кейін қоректенеді. Қонақтарымыз - жабайы үйректер зообағымызда көктемге дейін болады, - дейді Алматы зообағынан.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через