фото: Алматы әуежайы/kaz.inform.kz
Алматы халықаралық әуежайы 2-қабаттағы ұшып кету аймағына Ахметов көшесі жағынан қосымша кіру жолының ашылғаны туралы хабарлады, деп жазды kaz.inform.kz.
Әуежай мәліметіне сәйкес, қосымша кіреберіс жолаушылар мен әуежай қонақтарына 2-қабаттағы жөнелту аймағына жылдам әрі ыңғайлы кіруді қамтамасыз ету үшін жасалған. Дегенмен әуежай аумағына негізгі кіреберіс Майлин көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Фото: Алматы әуежайы
Еске салайық, биыл 1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
Кейін Алматы әуежайының президенті Гокер Косе әуежайға тағы 100 млн доллар инвестиция салынатынын айтты.
Ал өткен айда Алматы әуежайының ескі және жаңа терминалы арасында көпір ашылды.
Сондай-ақ Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушыны қарсы алды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через