Әлемдегі ең үлкен мұз айдыны қайда орналасқан?

Әлемдегі ең үлкен мұз айдыны қайда орналасқан?
фото: pixabay.com

Әлемдегі ең үлкен мұзайдын Санкт-Петерборда орналасқан. Оның көлемі ғана емес, сондай-ақ тұрған орны да ерекше. Фин шығанағының жағасында өте әдемі жерде тұр, деп хабарлайды 24.kz. 

Әлемдегі ең ірі мұзайдын 28 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Осы желтоқсан айынан бері келушілерді қабылдай бастады. Мұнда қарапайым адамдардан бөлек кәсіби спортшылар да келеді. Олардың арасында мәнерлеп сырғанаудан КСРО-ның 6 дүркін жеңімпазы Тамара Москвина да бар.  Алғаш ашылғанда мұзайдын аумағы 3 мың шаршы метрге де жетпейтін. Былтыр 3 есе, ал биыл тағы 2 жарым кеңейтілді. 

Игорь Краснов, құрылыс компаниясының директоры: "Тұрған жері керемет. Қолдан жасалмаған. Табиғаттың өзі құйып қойғандай ыңғайлы орында тұр. Осы жерден Санкт-Петербордың жаңа көрнекі орындарын көруге болады." 

Кешен Ресейдің Рекордтар кітабына енді. Жұмыс және демалыс күндері таңғы уақытта келгендер тегін сырғанайды. Басқа кезде - ақылы.

 Игорь Краснов, құрылыс компаниясының директоры: "Әлеуметтік топтарға барлық жағдай жасалған. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасының өкілдері ақысыз кіреді. Студенттерді де қамтыған бағдарламалар бар. Күніне 1 мыңға жуық адам келіп жүр." 

Негізі мұзайдын аумағына 2 жарым мың адам сыяды. Аумағы тақырыптық бірнеше алаңға бөлінген.