Әйелдерге қарағанда ерлер кредитін көп кешіктіреді

Әйелдерге қарағанда ерлер кредитін көп кешіктіреді
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазақстанда банктер мен түрлі қаржылық ұйымдардан қарыз алып, уақытында қайтара алмай жүрген жеке тұлғалардың 52 пайызы – ер адамдар.

Бұл ретте ер адамдар кейінгі 5 жыл ішінде дефолтқа түскен қарыздардың 59 пайыз үлесін алған. Яғни, ерлерге қарағанда әйелдер аз да болса несиені мезгілінде төлеуге тырысады.

Тиісінше, әйелдерге қарағанда ерлердің кредиттері көбірек кешірілген. Қаржылық реттеу агенттігінің мәліметінше, есептен шығару статистикасында заемдардың саны бойынша да (52%), кешірілген берешектің сомасы бойынша да (59%) еркектер басым түсіпті. Кешірілген несиелердің орта мөлшері ерлерде – 545,5 мың теңге болса, әйелдерде – 438,3 мың теңге.

Осыған қарамастан банктер сомасы 15 миллион теңгеден асатын ірі кредиттерді ерлерге көбірек береді. 2 миллионға дейінгі ұсақ қарыздарда ғана әйелдердің үлесі басым.

Бұған дейін агенттік тілшісі кредит алуға қатысты қызықты деректерді жинақтап, оқырмағанға ұсынған болатын.

ҚазАқпарат