фото: Polisia.kz
Абай облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 101 жастағы Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады.
Алдыңғы құжат берілгеннен бері 10 жыл өтіп, оның мерзімі аяқталған.
"Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны", — деді ол.
Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, погонды қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.
Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через