“78 640 теңге”: жаңа жылда отшашу үшін қай кезде айыппұл салынатыны ескертілді

“78 640 теңге”: жаңа жылда отшашу үшін қай кезде айыппұл салынатыны ескертілді
фото: https://pixabay.com/ru/

       Қазақстандықтарға пиротехниканы таңдауға жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салынды

       Қазақстанда отшашуды арнайы талапқа сай атпаған жандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Алматы коммуникациялар қызметінің брифингінде полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері айтты.

       Сонымен қатар, отшашуларды пайдалану ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін қандай жаза болатыны да айтылды.

       Алғашқы шарттың бірі  отшашуларды іске қосу кезінде қолайлы орынды таңдауы тиіс. Бұл тұрғын үйлерден кемінде елу метр қашықтықта орналасқан бос учаскелер болуы қажет. Ол жерде ағаштар, электр желілері мен басқа да кедергілер болмауы тиіс.

       Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес пиротехникамен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзса, орынсыз жерде қолданса 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жағдайда барлық отшашулар тәркіленеді.

Мына талаптарды орындау керек:

отшашуларды терезеден атуға болмайды;

отшашуларды атуға балаларды жіберуге болмайды;

желді ауа райында отшашуларды атуға болмайды;

атылмаған отшашуды қайта жағуға тырыспаңыз;

пиротехниканы ғимараттарға бағыттамаңыз. 

       Сонымен қатар, қазақстандықтарға пиротехниканы таңдауға жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салынды. Яғни, сатушылардан сертификаттар мен сатуға лицензия талап ету керек. Пиротехниканы құжаттарсыз өткізгені үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, яғни 92 300 теңге, 2025 жылы 98 300 теңге көлемінде. Одан бөлек бұйымдардың жарамдылық мерзімін және қаптаманың тұтастығын тексеру қажет. Және тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек.

       Барлық ережелер мен сақтық шараларын сақтаған қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында салюттерді еркін ата алады.

       https://kyn.kz/