фото: pixabay.com
Таяуда Отбасы банкінде жеңілдікпен ипотека (2 және 5 пайыз) рәсімдеуге өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өтініш білдірушілерге қойылатын басты талап – азаматтардың Отбасы банкіндегі жеке шотында займ көлемінің жоқ дегенде 10 пайызына жететіндей қаражат болуы тиіс.
Кімдер өтінім бере алады?
Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар, яғни:
I және II топ мүгедектері;
Мүгедек баласы бар не мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
Көпбалалы отбасылар;
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар.
Қостанай қаласы
Қостанай қаласында Қонай мөлтекауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінен ипотекамен пәтер алуға болады. 1 шаршы метр құны – 140 мың теңге. Қазір 45 пәтер броньдауға дайын тұр. Баспананы 2024 жылдың 25 қарашасынан бастап, 17 желтоқсанға дейін броньдауға болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында жаңа пәтерлер ипотекамен рәсімдеуге дайын.
1.Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Булаево қаласы, Луговая көшесі, 34.
1 шаршы метр құны – 165 мың теңге. Таза әрлеуден өткен 35 пәтер броньдауға дайын.
Өтінім қабылдау уақыты 2024 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.
2. Ғ. Мүсірепов ауданы, Новоишим ауылы, Абылай Хан, 4 маңындағы тұрғын үй кешені. 1 шаршы метр құны – 180 мың теңге. Бұл мекенжайда әкімдік кезегінде тұрған жандарға 4 пәтер бөлінген.Өтінім қабылдау уақыты 2024 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.
Павлодар қаласы
Павлодар қаласының әкімдігінде кезекте тұрған жандар Достық мөлтекауданы, Ладожская көшесі, 19 мекенжайында орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер қарай алады. Бұл кешенде 112 пәтер броньдауға дайын.
1 шаршы метр құны – 160 мың теңге.
Өтінім қабылдау процесі 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.
Сондай-ақ, тура осы аудандағы Ладожская көшесі, 8-үйде орналасқан тұрғын үй кешенінен де 71 пәтерді ипотекаға рәсімдеуге болады. 1 шаршы метр құны – 160 мың теңге.
Өтінім қабылдау уақыты 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін жалғасады.
Петропавл қаласы
Петропавл қаласында Горький көшесі, 10-үйде орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінен 101 пәтер несиеге беріледі. Үй қазірдің өзінде эксплуатацияға берілген, дайын. 1 шаршы метр құны – 180 мың теңге.
Өтінім қабылдау уақыты 2024 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через