Жігіттердің үйленгісі келмеуінің кейбір себептері

Жігіттердің үйленгісі келмеуінің кейбір себептері
фото: days.ru

      Үйленген достарына қарап отбасылық өмірге асықпайтын жандар көп.

       Қазір үйленбей жүрген ер-азаматтар баршылық екені жасырын емес. Психолог мамандар үйленуге асықпаудың бірнеше себебін ұсыныпты. 

Өткен күндер сәтсіздігі 

       Кейбір ер азаматтардың сүйіктісі ұсынысынан бас тартса немесе опасыздық жасаса, қайта қарым-қатынас құрып, үйленуге деген ниеті қашып кетеді. 

Уақыты жоқ 

       Карьера қуып жүріп қарым-қатынас орнату өте қиын. Негізгі мақсат қызметте өсу, бизнес ашу,қаражат табу болған кезде, қызбен кездесіп, оны анда-мұнда апаруға уақыты тапшы. Отбасылық өмір – бұл тек ақша тауып, үйге келіп тамақтанып, ұйықтап қайта жұмысқа кететін емес. Бұл да мол жауапкершілікті қажет ететін, жүгі ауыр жұмыстардың бірі. Ал қос жұмысты қатар алып жүру кейбір жандардың қолынан келе бермейді. 

Жауапкершіліктен қорқу

        Міндет пен жауапкершіліктен қорқу – бұл ер азаматтың отбасын құруға асықпауының кең таралған себебінің бірі. 

Бойдақ өмірмен қоштасқысы келмейді 

       Үйленген достарына қарап отбасылық өмірге асықпайтын жандар көп. Тамағың дайын, сүйетін, құрметтейтін жан бар, бірақ сол адам телефоныңды тексереді, бұрынғыдай үйге кештетіп қайту, қаласаң достарыңның үйінде қонып қалу деген болмайды. Жалпы алғанда еркіндігінен ажырағысы келмейтіндер бар. 

Қыздармен сөйлесе алмау

        Бұл да жиі кездесетін себептердің бірі. Қыздарға амандасудан ары аса алмайтын жігіттер де бар. Әңгімесін үйлестіріп әкете алмайтын, үнсіз жігіттермен қатар кездесуде көп сөйлеп, тек өзі туралы айтып немесе орынсыз қалжыңдайтын жандар да қызды өзінен алыстатып алады. 

Некенің баянды болуына сенімсіздік 

       «Біз бір-бірімізден тез жалығамыз, қазір бәрі жақсы кейін жаман әйел болып кетсе қайтемін...» деген секілді жаман ойлар миын жаулап алған жандар да кездеседі. Егер алдын-ала осындай ойлар мазаласа, бұл келешекте шындыққа айналады. 

Өзіне деген сенімсіздік

       Кейбір жігіттер өзіне сенімсіз келеді. Өзгелердің тартымдылығына, байлығына немесе шешендігіне қарап, мен мұндай емеспін ғой деген өзіне сенімсіздік қызға сөйлеуге, үйленуге кедергі келтіреді.

      https://www.ernur.kz/