Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен үздік атанды

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен үздік атанды
фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. 

"Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.

https://almaty.tv/kz/