фото: ticketon.kz
Қарашаның 10 күні Алматыдағы Республика сарайында «Халық әні – қазына» атты ән-кеші өтеді.
Қазақтың халық әндері - сағынышқа толы ғажайып әлем! Халық әндерін естісең жан дүниең рахаттанып, ерекше сезімге бөленесің.
Күнделікті күйбір тірліктен шаршап жүрсіз бе? Ауылдағы ата-әже, әке-анаңызды сағынып жүрсіз бе? Немесе көңіліңіз көтерілгенде шабыттанып ән салғыңыз келе ме?
Олай болса сол сезімді ән бесікте тербейтін “Халық әні-қазына” атты музыкалық кешке келіңіз!
Концертке Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ұлжан Айнақұлова, Рамазан Стамғазиев, Бибажар Маханбетова, Бекжан Тұрыс, басқа да елімізге танымал өнер қайраткерлері қатысады.
Жарнамада сұрақ белгісі тұрған сурет орнына “тосынсый” болып бір әнші қатысады. Жалпы қызық көп болады. Оны тек көру керек!!!
Ән кешін белгілі радиожүргізушісі Гүлмира Нәлібай мен Әлібек Шынтемір жүргізеді.
10 қараша. Басталуы сағат 17.00.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через