фото: pexels.com
Теңгенің күрт құнсыздануы үкіметке де тиімсіз. Бұл туралы белгілі сарапшы Бауыржан Ысқақ «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Фото "Сапалы Қазақстан" порталы
Девальвация салдарынан елде импорттық тауарлар құны қымбаттайды. Инфляция деңгейі өседі, сәйкесінше, халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Сондықтан билік бұған жол бермейді, дейді сарапшы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке берген арнайы тапсырмасы бар. Министрлер кабинетіне инфляцияны төмендету, Шағын және орта бизнес саласының үлесін 7%-дан 15%-ға дейін көтеру, жаңадан салық кодексін дайындау туралы міндет жүктеді. Бүгінгі таңда үкімет теңгені қатаң бақылауда ұстап отыр. Сондықтан еліміз жаңа экономикалық реформа күтіп тұрған уақытта теңгенің девальвацияға ұшырауына нақты себеп жоқ. Теңгенің күрт құнсыздануы үкіметке де тиімсіз, дейді Бауыржан Ысқақ.
Бауыржан Ысқақтың айтуынша, үкіметке елімізде экономикалық реформалар жүргізуді өмірдің өзі талап отыр.
Нақты экономикалық реформаларды қатаң түрде жүзеге асырмасақ, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын ұстап тұруға мемлекеттің көмегі, қолдауы да көмектеспей қалуы, бұл мәселені шеше алмай үкімет те дәрменсіз күйге түсуі мүмкін. Өйткені жылдам дамып жатқан нарық заңы осындай. Осы жағдайларды ескере отырып, жақын уақытта, жыл соңына дейін девальвация болатындай нақты себеп жоқ деп айта аламын, дейді экономист.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через