фото: https://pixabay.com/ru/
Ол интернет арқылы ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, салымшылардан ақша алған
Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрған әйел 5 жылға сотталды, деп хабарлады облыс прокуратурасының сайты.
Ол кооперативтік филиал ашу арқылы ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, салымшыларды тартқан.
"Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан Қызылорда қаласының 11 тұрғынына 15 млн теңге көлемінде мүліктік зиян келсе, 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 азамат жер телімінен айырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленеді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через