фото: https://pixabay.com/ru/
Көлік прокурорлары 100 миллион теңгеден аса контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.
Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.
"Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді. Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 миллион теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды", - делінген хабарламада.
Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через