Қазақстан экологиялық таза авиаотын өндіреді

Қазақстан экологиялық таза авиаотын өндіреді
фото: pexels.com

Еліміз экологиялық таза авиаотын өндіруді қолға алмақ. Алғашқы өнім 2028 жылы шығарылады деген болжам бар. Бұл туралы  ICAO – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өткізген «Жасыл әуежайлар» аймақтық семинары барысында Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев айтты, деп жазды 24kz. 

 Авиациялық экоотынды қолдану – «жасыл әуежай» құрудың негізгі бағыты.

«Алдағы уақытта бұл Еуроодақ елдері арасында ұшу үшін міндетті талап ретінде енгізіледі», – дейді мамандар. 

Алматы халықаралық әуежайын дамыту үшін соңғы үш жылда 200 миллион доллардан астам инвестиция салынған. Қазақстан транзит үшін өте тартымды. 2021 жылдан бері транзиттік рейстердің саны екі есе өскен. Сондықтан әуежайдың халықаралық талаптарға сай болуы маңызды.

 Талғат Ластаев, ҚР Көлік министрінің орынбасары: - Әртүрлі жобаларды қарастырып жатырмыз. Ол – мына экологиялық таза жанармай шығару. Әртүрлі түрі бар. Бірақ бізде жалпы Қазақстанда соған шығаратын бүкіл жағдай қарастырылған. 2028 жылдан бастап, мысалы, Еуропа Одағы тек қана сол жанармайдың бір бөлігін пайдаланатын авиакомпанияны Еуропа Одағының аспанына кіргізеді. Сол себепті қазір айналысып жатырмыз.