фото: https://pixabay.com/ru/
Мәжілістің куларында депутат Дәулет Мұқаев қайырымдылық қорларына қатысты сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, қорларға түскен қаражат тексеріле бермейді.
Мен бұл мәселені бұрыннан айтып жүрмін. Ол өте дұрыс шешім. Бақылау болу керек. Соңғы жағдайларға байланысты. “Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында” дейді ғой. Немесе жылтырағанның бәрі алтын емес. Сондықтан міндетті түрде ол тексерілу керек. Қор қазіргі таңда ашылған кезде оның жарғыларының барлығы Әділет министрлігінің тексерісінен өтеді. Бірақ әрі қарай ақша, қаражат айналымы өкінішке қарай бақылана бермейді. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп заң жобасын алдағы уақытта дайындаймыз. Сондықтан мұның барлығы ашық болу керек. Себебі бұл халықтың ақшасы қайда, қалай кетіп жатқаны көріну керек. Қазіргі норма бойынша қорлар есеп көрсету керек. Бірақ барлығы бере бермейді, - деді ол.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через