фото: https://pixabay.com/ru/
Көлік Китаб ауданынан Самарқанға бара жатқан
Өзбекстанның Қашқадария облысында Cobalt көлігінің үстіне алып тас құлады. Үш адам көз жұмды.
Кейбір мәліметтер бойынша көлікте венгриялық туристер болуы мүмкін.
Китаб ауданы әкімдігі баспасөз хатшысының айтуынша, қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 16:00-де "Тахтакарача" асуында болған. Көлік Китаб ауданынан Самарқанға бара жатқан. Қаза болған азаматтардың кім екені анықталып жатыр.
Әлеуметтік желілердегі деректерге қарағанда салондағы жолаушылар Венгрия азаматтары, жүргізуші Өзбекстан азаматы болған.
Асу уақытша жабылды. Онда жауапты ұйымдардың мамандары жұмыс істеп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через