Күннен қуат алған мотоцикл алты мың шақырымды жүріп өтті

Күннен қуат алған мотоцикл алты мың шақырымды жүріп өтті
фото: https://www.istockphoto.com/

       Африкада күннен қуат алатын мотоцикл 6 мың шақырым қашықтықты жүріп өтті. 

       17 күнде қара құрлықтың 3 елін аралады. Сондай-ақ саяхат кезінде бір аккумулятормен 113 шақырым жүріп өтіп, жаңа рекорд орнатты. Ал сапардың соңғы күнінде 18 сағат ішінде мың шақырымды бағындырған. Көлікті құрастырушылар инфрақұрылымы нашар шалғай аудандарға жаңартылатын энергия көздерінен қуат алатын көлікпен де жетуге болатынын көрсетті.

       https://24.kz/kz/