фото: www.arnapress.kz
Кімдердің және қалай ала алатыны айтылды.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емдеу қызметін тегін алуға болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті алу жолдарын атады.
«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға да абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде санаториялық-курорттық емдеу қызметі ұсынылады. Бұл қызмет мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күнтізбелік жылда бір рет 14 тәуліктен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаториялық-куророттық ұйымда болу құнын санаториялық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар. Санаториялық-курорттық емдеуді ұсынуға өтінішті қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беруге болады», – деп мәлімдеді ведомство.
https://halyq-uni.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через