фото: https://pixabay.com/ru/
Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан түнде 52 жол апаты трікелді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдердің саны артты.
"Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде. Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару Орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-і зардап шеккендермен", - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через