фото: https://egemen.kz
Ал, ислам ғұламалары бие сүтін халал өнім деп мойындаған.
Сарапшы қымыз адамды мас қылады деген пікірге өз тұжырымын айтты. Ол сусынның шын мәнінде құрамында алкоголь бар-жоғын анықтады.
Өткен жылы қымыз өндіру 10,6% артып, 2463 тонна болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық. Биыл 9 айда республика бойынша 1240 тонна қымыз өндірілді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 22,9% төмендеген. Өткен жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 1608 тонна өндірілген.
"Қымыз – ашытылған сүтті сусын. Сондықтан оның құрамында біраз алкоголь бар. Бірақ ғылыми тұрғыдан қымыздың мас ететіні немесе алкогольдік сусын екені дәлелденбеген. Адам қанша қымыз ішсе де, алкотестер алкоголь мөлшерін көрсетпейді. Алкотестер – адамның ішкен алкоголь мөлшерін, яғни мас болу дәрежесін анықтауға арналған құрылғы. Ішімдікке күдікті адам алкотестерге демалған кезде иіс арқылы анықталады", – деді Астана психикалық денсаулық орталығының дәрігері, психиатр-нарколог Анар Тастембекова.
Оның айтуынша, клиникалық тәжірибеде қымыздағы алкоголь мөлшерін анықтау жағдайлары кездеспеді.
"Біздің емханаға қымыз ішкен адамды тексеруге әкелген жағдайлар болған емес. Мен әріптестерімнен кейбір аймақтарда қымыздағы алкоголь деңгейіне тәжірибе жүргізгенін және олардың барлығы теріс нәтиже бергенін естідім", – деді дәрігер.
Астаналық полицейлердің хабарлауынша, қымыз ішкендерді мас деген күдікпен ұстаған жағдай кездескен жоқ.
"Хидаяның кітабында бие сүтін ішудің еш зияны жоқ екені айтылған. Табиғи таза қымыз алкогольсіз сусын болып саналады. Ашыту нәтижесінде пайда болатын алкогольдің үлесі өте аз болғандықтан, Ханафи мәзһабының ережелері бойынша қымызға тыйым салынбайды", – деп жауап берді ҚМДБ.
Діни басқармаға соңғы кездері сырттан әкелінетін қымыз туралы сұрақтар жиі түсе бастады. Мұндай қымызды ішкен адамдар бастары айналып, мас болып қалатынын айтады.
"Біріншіден, бұл өнімді таза қымызға жатқызуға болмайды. Оның құрамында бие сүті, сиыр сүті, бал, ашытқы бар. Бал ашыту процесін тездетеді. Екіншіден, қымызды сақтау температурасы бұзылса, алкогольдің пайызы артуы мүмкін. Үшіншіден, ішімдік әдейі қосылды ма, жоқ па белгісіз", – деді дін өкілдері.
Демек қымызға ашытқы қосылмаса, оны сусын ретінде ішуге болады.
"Қымызға бірдеңе (бал, ашытқы, сүт қышқылы бактериялары) қосылып, оны мас қылса, оны ішуге болмайды. Сондықтан табиғи қымызды ғана ішу керек", – делінген хабарламада.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через