Сұлулық байқауында 120-дан астам елдің өкілі бақ сынады, деп жазды kaz.inform.kz.
Мексикада жыл сайын өтетін «Әлем аруы-2024» байқауының кезекті 73-ші кезеңінің қорытындысы жарияланды. Онда Дания елінің өкілі Виктория Кьер Тейлвиг жеңіске жетті.

Фото: Missuniverse/ instagram
Фото: Missuniverse/ instagram
Айта кетейік, Мексикада өткен халықаралық сұлулық байқауына еліміздің атынан 24 жастағы Мәдина Әлмұханова қатысты. Ол ұлттық киімдердің сән көрсетілімінде өнер көрсетті.