фото: pexels.com
Биыл үйқамаққа алынғандардың 60 пайызына электронды білезік тағылған. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының судьясы Сәкен Абдолла айтты, деп жазды kaz.inform.kz.
«Белсенді іске асырылып жатқан Жоғарғы соттың тағы бір бастамасы – электронды білезіктер тағу жобасы. Жыл сайын соттар 11 мыңнан астам азаматты қамауға алу туралы санкция шығарады. Ал үйқамаққа алу сияқты ізгілікті алдын алу шарасы 35 есе аз (орта есеппен жылына 300 адам) қолданылады. Осы мәселені зерттей отырып, біз электронды білезіктер жүйесін пайдалану туралы қорытындыға келдік. Биылдың өзінде үйқамаққа алынғандардың 60 пайызына электронды білезік тағылған. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді ол Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі бойынша сарапшылардың 9-форумында.
Судьяның айтуынша, бір адамды бір ай қамауда ұстау үшін бюджеттен 750 мың теңге немесе бір жарым мың АҚШ доллары шығындалады. Ал бір білезікті жалға алу құны айына 30 АҚШ долларын (15 мың теңге) құрайды.
Яғни, күдіктіні электронды білезік қолдана отырып үйқамаққа алу мемлекет үшін әлдеқайда арзанға түседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через