фото: pixabay.com
Әр адам өз тадырының қожайыны, өз өміріне өзі жауапты. Әркім қалай өмір сүруді, көпшілікпен қалай өмір сүруді, қандай мінез танытуды өзі шешеді. Дегенмен, әр адамда, сенім, үміт, батылдық, наным, махаббат болуы керек.
1. Бірде көпшілік жиылып, Құдайдан жаңбыр жаууын тілемекші болады. Тасаттыққа ауылдың бәрі жиналады, іштерінде бір бала қолшатырмен келіпті. Бұл – НАНЫМ.
2. Сәбиді жоғарыға лақтырсаңыз, ол мәз болып күледі. Себебі сіздің қағып алатыныңызды біледі. Бұл – СЕНІМ.
3. Әр кеште ұйықтауға жатарда, таңертең тірі оянатынымызға сонша сенімді бола алмаймыз. Сонда да болса оятқышымызды қасымызға қоямыз. Бұл – ҮМІТ
4. Болашағымыз бұлыңғыр бола тұра, ертеңгі күнімізге көптеген жоспарлар құрамыз. Бұл –БАТЫЛДЫҚ
5. Бүкіл әлемде қиыншылық болып жатқанын көре тұра, үйленеміз, дүниеге ұрпақ әкелеміз. Бұл –МАХАББАТ.
6. Біраз жасқа келген бір әйел жейдесіне «Өзімді 64 жылдық тәжірибем бар 16 жастағы қыздай сезінемін» деп жазып алыпты. Бұл – ДҰРЫС ШЕШІМ.
Материал әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через