фото: Қазақпарат
7 жасар Амир әлем чемпионатында 26 келі салмақта өнер көрсеткен.
Талдықорған қаласының 2 сынып оқушысы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатынан алтын алды. Жекпе-жектің джиу-джитсу түрінен жарысқа қатысқан жетісулық 9 спортшының 8-і елге жүлдемен оралды.
Қарашаның 3-9 аралығында Араб әмірлігінде өткен Abu Dhabi WORLD JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2024 турниріне Жетісудан 9 жас спортшы барған.
7 жасар Амир әлем чемпионатында 26 келі салмақта өнер көрсеткен. Жас ерекшелігіне қарай 2 жекпе- жек өткізіп, чемпион атанған.
Әлемнің 50-ге жуық елінен 9 500 спортшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстан құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға қол жеткізді.
https://sn.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через