фото: https://pixabay.com/ru/
Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма импорттауға және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық алма транзитіне әсер етпейді
2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салынды.
Мұндай шешімді Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
"Алма әкелуге тыйым салу тек егін жинау кезеңінде ғана енгізілген, бұл отандық бағбандарға жиналған өнімді сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік береді. Маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
2024 жылдың 7 айында шамамен 107, 3 мың тонна алма импортталды (2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 58% -ға өсті). Негізгі импорт Польша, Иран, Өзбекстан, ҚХР-дан жасалды. Бұл ретте импорттың артуына Қытайдан әкелінген өнімнің 18 есе және Ираннан 7 есе өсуі себеп.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через