фото: pixabay.com
Алдағы уақытта Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының экс-басшысы, геолог сарапшы Әнуар Боранбаев осындай болжамын алға тартты.
"Жақын күндері қандай сейсмикалық жағдай күтіп тұрғанын нақты бағалап бере алмаймын. Әсіресе жер сілкінісінің күшін, күнін, жойқын немесе катастрофиялық деңгейін болжап білу қиын. Тек белгілі бір ықтималдық дәрежесімен өткен кезеңдегі ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып және алдағы уақытта да ағымдағы жылдардағы ғалымдардың еңбектерімен танысуды жалғастыра отырып деректер ұсына аламын. Жалпы алдағы жылдары Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісіне әкелетін күшті дүмпу болмайды. Бірақ бізге шекаралас мемлекеттерден сейсмикалық "сәлемдеме" келіп тұратыны анық", - деп қосты Әнуар Боранбаев.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Жер сілкінісі кезінде қажетті 10 қарапайым қадам:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
- Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Материал kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через