Хоккейден алғашқы Азия чемпионаты қарашаға жоспарланып отыр.

Хоккейден алғашқы Азия чемпионаты қарашаға жоспарланып отыр.
фото: olympic.kz

Халықаралық хоккей федерациясы аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия біріншілігі өтеді.

Olympic.kz мәліметінше, турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Ол Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек. 

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады, – делінген ақпаратта.

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде еліміздің студенттік құрамасы күміс жүлделерді еншілеген болатын.

Хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Оған Қазақстан, Жапония, Корея әрі Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Алдағы сайыстар 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық саналады.

https://halyq-uni.kz/