фото: © Астана әкімшілігі
Жәрмеңке 12 және 13 қазанда "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы орында, Қарқаралы тас жолында өткізіледі
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Осы аптада өз өнімдерін төрт облыстың, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аграршылары ұсынып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер елордалық жәрмеңкеге 900 тоннадан астам өнім әкелді. Сөрелерде ет, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық, қант және түрлі кондитерлік өнімдер бар.
Павлодар облысы жеткізген өнім көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл өңір 550 тоннаға жуық өнім әкелді, оның басым бөлігі картоп, көкөніс және бақша дақылдарын құрайды. Жетісу облысының аграршылары жаңа піскен жеміс-жидектер, ет және қантты қоса алғанда, 120 тоннадан астам тауар ұсынуда. Батыс Қазақстан облысы ет өнімдерінің алуан түрін, сондай-ақ ұн мен макарон өнімдерін әкелді.
Өз кезегінде Алматы облысы 200 тонна өнім ұсынды, олардың ішінде әйгілі "Апорт" сұрыпты алмалары ерекше көзге түседі. Жәрмеңке күндері астаналықтардың 350-700 теңгеге 1 кг алма сатып алу мүмкіндігі бар.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через