Шымкенте бұрынғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды

Шымкенте бұрынғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
фото: https://pixabay.com/ru/

Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады.

Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.

Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады.

Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.

ҚазАқпарат