фото: pixabay.com
Адамдар ұшуды көптен армандаған. Осының арқасында 100 жыл бұрын аэроплан құрылды. Содан кейін адамзат тікұшақ және ұшақтармен танысты, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бірақ өзінің сыртқы келбетімен және фантастикалық фильмдердегі ұшу жылдамдығымен жүректі бағындырған автокөліктер туралы армандауға ғана болатын. Бүгінгі таңда армандар жүзеге асып жатыр.
Қытайдың Гуанчжоу қаласында "ұшатын автомобиль" зауытының құрылысы басталды. Бұл - осындай көлікті жаппай шығаратын әлемдегі бірінші кәсіпорын. Жаңа зауыт 180 мың шаршы метр аумақта салынып жатыр. Ол жылына 100 мың әуе автомобилін жасамақ.
Ұшатын автомобиль бензинмен жұмыс істейді, автомагистральдарда өзін жақсы сезінеді. Бірақ, ең бастысы - ұшатын автомобиль әуеге көтеріле алады. Ұшып көтерілу үшін оған 200 метр тегіс жол төсемі қажет, қону үшін 50 м жеткілікті, Егер жақын маңда трасса болмаса, ол кез келген тегіс учаскеге қонуы мүмкін, дейді мамандар.
Қыркүйекте сынақтан өткенLand Aircraft Carrier (LAC) деп аталатын ерекше машина қараша айында сатылымға шығады. Оның құны қазір 2 миллион юаньға немесе 280 мың 520 долларға бағаланып отыр. Бұндай техниканы жеке және қоғамдық қажеттілікке, құтқару операцияларына және экскурсиялық шолуға пайдалануға болады.
Бұл модульдік автомобиль екі бөліктен тұрады. Біріншісі - үш осьті кәдімгі автомобиль, екіншісі - үлкен квадрокоптер, ол автомобильдің төбесіне бекітіліп, оған ұшуға мүмкіндік береді.
Зауыт 2026 жылы өнім шығаруды бастайды.
Компания ұшатын машинаның тұсаукесерінен кейін үш мың дана тапсырыс алғанын хабарлады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через