фото: https://pixabay.com/ru/
ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ — "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметі фактілерін анықтады.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.
Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын келгені дәлелденді.
Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды.
ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды және тергеуге толық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через