Қазақстанда халықтың 81%-і қазақша сөйлейді

Қазақстанда халықтың 81%-і қазақша сөйлейді
фото: 24.kz

Тіл саясаты комитетінің дерегіне сүйенсек, Қазақстан халқының 81%-і қазақша біледі. Қалған 19%-і ағылшын, орыс тілдерінде сөйлейді, деп хабарлады 24.kz .

 Бірақ мемлекеттік тілді менгергендер азайып барады. Мәселен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 92% болса, былтыр ол 11%-ке төмендеген.

Ал жалпылай алғанда орыс тілін білетін қазақстандықтар – 90,5%. 

Ағылшын тілінде сөйлейтіндер – 29%. 

Сондай-ақ тұрғындардың 29%-і үш тілде де сөйлей алады.