фото: https://pixabay.com/ru/
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жол қозғалысы туралы заңның қолданыстағы нормасына сәйкес, максималды конструкторлық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мопедтер тіркелуге тиіс, деді
"Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қозғалтқыш көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және оның ең жоғарғы конструкторлық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркеледі", - деді сенатор Евгений Больгерт сенат отырысында.
Сондай-ақ мопедті басқару құқығы "А1" кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал "А" және "В" санаттарының болуы мопедті басқару құқығын растауды талап етеді деген норма қарастырылып жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через