Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында бір тонна сүт заңсыз өткізілмек болған

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында бір тонна сүт заңсыз өткізілмек болған
фото: https://pixabay.com/ru/

Жамбыл облысындағы "Қордай" ветеринариялық бақылау бекетінде қажетті ілеспе құжатсыз Қырғыз Республикасының аумағынан ел аумағына бір тонна сүт өнімін әкелуге тырысқан автокөлік ұсталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, мұны мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құжаттамалық бақылау процесінде анықтаған.

Жүргізушілерге айыппұл салынып, жүктер жөнелту пунктіне қайтарылды.

2024 жылдың басынан бастап шекараның Қазақстан-Қырғыз бекетінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауына байланысты анықталған құқық бұзушылықтар туралы 77 акт жасалды. Әкімшілік айыппұлдар 3,2 млн теңгеден асты.

"Қордай" БКП-да 50 әкімшілік материал ресімделді, 2,2 млн теңге айыппұл өндірілді.

 ҚазАқпарат