Қазақстан 160 мыңға жуық хризантеманы Нидерландыға қайтарып жіберді

Қазақстан 160 мыңға жуық хризантеманы Нидерландыға қайтарып жіберді
фото: https://pixabay.com/ru/

Өйткені гүлдерден қауіпті өсімдік ауруы анықталды

Алматы қаласында ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті хризантема көшеттеріне карантиндік бақылау жүргізу барысында зиянды өсімдік ауруы анықталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Нидерландыдан 159 400 дана гүл әкелінген.

Тексеру барысында алынған үлгілер арнайы зертханаға жіберілді, нәтижесінде хризантемалардың қауіпті карантиндік ауруға шалдыққаны расталды.

Өнім иесіне әкімшілік айыппұл салынды, ал көшеттер карантиндік талаптарды сақтау мақсатында Нидерландыға кері қайтарылды.

ҚазАқпарат