Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді
фото: politico.kz

       Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді. 

       2024 жылғы 8 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді.

       Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.

       https://sn.kz/