фото: ©️ Ladbible.com
Индонезияда балықшылар жоғалып кеткен 68 жастағы американдық Колин Монфорені акуланың асқазанынан тапты.
Sun мәліметінше, Оңтүстік Дакота штатының тұрғыны достарымен бірге Пулау Реонг аралына достарымен бірге дайвинг-турға барған.
26 қыркүйек күні қатты толқын туристі теңізге алып кеткен. Құтқарушылар сегіз күн бойы оны іздеп таба алмаған. Жексенбі күні жергілікті балықшылар көрші Шығыс Тиморда акула аулап, оның асқазанынан адамның сүйектерін тапқан.
Ұсталған акула бізге біртүрлі көрінді. Ол пластик немесе балық аулайтын торды жұтып қойды деп ойладым. Себебін білу үшін оны бөлшектеді, - деді туристің денесін тапқан балықшы.
Акуланың ішінде жоғалған турист киген гидрокостюм де болған.
El.kz ақпарат агенттігі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через