фото: pexels.com
Елімізде 100 жастан асқан 423 қария бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ең көп өмір сүретіндер Түркістанда тұрады. Онда 100 жастан асқан 64 адам бар. Екінші орында Алматы қаласы. Мұнда ғасыр жасаған 48 тұрғын тіркелген. Үшінші орынға жайғасқан Алматы облысында 100 жастан асқан 38 адам тұрады.
Ал, жасы ең үлкен қария Ұлытау облысында. Кейуана биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті. Павлодар тұрғыны 112 жаспен екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті 110 жастағы Түркістан тұрғыны түйіндеген.
114 жастағы Түймегүл Темірбаева Жамбыл облысы Жайылма ауылында туған екен. Анасынан небәрі 3 жасында жетім қалған. Апамыз есейген кезде тағдыр жазып, 1932 жылы Жаңаарқадағы Жеңіс ауылына көшіп барған. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген кейуана қазір Қызылжар ауылында кенже баласының қолында тұрады.
Еске салайық, бүгін елімізде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Материал qazaqstan.tv сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через