Цифрлі аутизм балалар арасында белең алып барады

Цифрлі аутизм балалар арасында белең алып барады
фото: https://pixabay.com/ru/

       Цифрлық аутизм ХХІ ғасырдың дерті.                                                                                      Қазіргі балалар арасында “цифрлі аутизм” (цифровой аутизм) деген белең алып барады. Гаджеттердің кесірі ме? Әлде көптеген факторлар қосындысы ма? Caravan.kz медиа порталы материал ұсынады.                                                                                                «Цифрлі аутизм» қазіргі қоғамда жиі айтылатын термин. Ол адамдардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің гаджеттерге тым тәуелді болып, әлеуметтік және коммуникативті дағдыларын төмендету құбылысын тудырады. Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, дамыған елдер ішінде балалардың 3 пайызы сөйлеу дамуының кешігуіне тап болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жүз баланың біріне әлем бойынша аутизм диагнозы қойылған. Сондай-ақ мемлекеттің экономикалық әлеуеті мен медициналық қызметтерге қолжетімділігі де үлкен рқл атқарады.                         Былтыр сентатор Нұртөре Жүсіп «Цифрлық аутизм ХХІ ғасырдың дерті» деп дабыл қаға бастаған. Ол жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болғанына алаңдаушылық білдірген.                                                                     https://kaz.caravan.kz/