фото: pexels.com
Мектеп асханалары енді жаппай тексерістен өтеді. 2010 жылдан бері шағын кәсіпкерлерді тексеруге мораторий қойылғалы, бұл салаға тіс батырып, ішкі асханасына бас сұғуға ешкімнің дәті бармаған, деп жазды ktk.kz..
Тек Маңғыстаудағы жаппай улану мен басқа да білім ошақтарындағы осы іспеттес жағдайлардың қайталануы оқу-ағарту министрлігінің депутаттарға қолқа салуына әкеп соққан. Қос тарап ұзақ талқылай келе, кәсіпкерлерді тексеруге болмайтын норманы заңды алып тастады.
Биылғы оқу жылынан бастап жекеменшік мектептер де, мемлекеттік білім ордалары да, әр түрлі мамандардан құралған комиссияның кез келген уақытта келуіне дайын болуы керек деп отыр жауаптылар.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: — Біз бұл мәселені көтеріп, депутаттарға жеткізіп, заңдағы шектейтін нормаларды алып тастауға бастама көтердік. Депутаттар қолдап, биылдан бастап кәсіпкерлерді тексеруге қатысты кедергі жасайтын норма алынды. Енді барлық балалар бар мекемелер, жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын, қатаң қадағаланып, заңбұзушылықты болдырмау мақсатында қолға алынып жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через