фото: appadvice.com
Осы күндері Австрияның Вена қаласында «Еуропа 2024 GS1 аймақтық форумы» өтіп жатыр, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі.
Бұл шара ынтымақтастық, пікір алмасу және ортақ мәселелерді шешу үшін бүкіл Еуропадан GS1 мүше ұйымдарын біріктіреді.
Қазанның 14-де, дүйсенбі күні таңертең басталған жиын қазанның 16-сы, сәрсенбі күні кешке дейін жалғасады. Үш күн бойы қатысушылар тұрақтылық, цифрлық трансформация және нормативтік талаптарға сәйкестік сияқты негізгі тақырыптарға назар аударатын әртүрлі сессиялар мен семинарларға қатысады.
Форумның мақсаты - аймақтық ынтымақтастықты дамыту, бизнес-процестерді жақсарту және тұтынушыларды тарту үшін GS1 стандарттарын енгізуді ынталандыру.
Іс-шара, ең алдымен, Еуропадағы GS1 өкілдеріне жеке және онлайн режимінде өткізуге бағытталған. ЕО-ға мүше емес елдердің өкілдері тек онлайн қатыса алады.
Фото dzen.ru.
Халықаралық басқосу барысында Экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері (ESG), ESG жүйелері компанияның қоршаған ортаға әсері, оның әлеуметтік жауапкершілігі және GS1 стандарттарының бұл мәселеге қалай көмектесе алатыны туралы, басқа да тақырыптар қарастырылады.
Форумда сауданы цифрландыру ісіне аса мән беріледі. Себебі сауданы цифрландыру транзакциялардың уақыты мен құнын айтарлықтай қысқарту және деректер алмасудың ашықтығын, дәлдігін және сенімділігін арттыру арқылы жаһандық сауданы жеңілдетеді, бұл барлық компанияға халықаралық нарықтарға қатысуға мүмкіндік береді, дейді форумды ұйымдастырушылар.
Осы алқалы жиынға Қазақстаннынң атынан белгілі ғалым, академик, Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірахманұлы қатысып жатыр.
Форум барысында түрлі тақырып бойынша Alexander Weissmann, Anna Zießow, Bernhard Gschwantner, Ernst Krottendorfer, Falk Niederсала және басқа да сала мамандары баяндама жасайды.
Құрметті оқырман, алдағы күндері осы жиынға қатысты қосымша ақпарат ұсынамыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через