фото: https://pixabay.com/ru/
Ол жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған
Астанада 20-дан астам азамат кәмелетке толмаған алаяқтан зардап шекті.
Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредит ресімдеу жоспарын әзірлеген, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Жәбірленушілердің ақшасын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.
"Сонымен қатар жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, кәмелетке толмаған алаяқ 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажетіне жұмсағаны сотта дәлелденді.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через